logo
search
menu
Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген
ашық дереккөзі

Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген

Оралда ер адам туған інісін пышақтап өлтірген Оралда өз пәтерінен 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Taulik.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД-нің мәліметінше, оқиға 8 қараша күні Циолковский көшесіндегі үйде болды.
«Сағат 22.05-те 1975 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде 1973 жылғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Күдікті ретінде марқұмның туған ағасы айыпталып отыр.