Көкшетаулық азамат гараждағы көлігінде уланып, мерт болды
Көкшетаулық азамат гараждағы көлігінде уланып, мерт болды
11 қараша, 2022

Мазмұны
8 қарашада Көкшетау қаласының тұрғыны гаражда тұрған өз көлігінде газдан уланып, мерт болды, деп хабарлайды Taulik.kz Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
32 жастағы ер адамның денесі ешқандай зорлық белгілерінсіз гаражда тұрған көліктен табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі газдан уланғаннан болған. Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы