Келісім 14 баптан тұратын болса, соның 6-бабына сәйкес, "тараптар (Қазақстан мен Өзбекстан – ред.) Қазақстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде өзбек тілін, әдебиеті мен мәдениетін және Өзбекстан Республикасының жоғары білім беру мекемелерінде қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін оқып-үйренуге және оқытуға қолдау көрсетеді".Сондай-ақ, келісім жобасында екі ел арасында бакалавриат пен магистратура бойынша студент алмасу тәжірибесі туралы да баяндалған. Енді жыл сайын қазақстандық 14 студент пен 6 магистрант Өзбекстанға тәжірибе алмасуға барады. Сәйкесінше, олардың орнына өзбекстандық білім алушылар Қазақстанға келеді. Студенттерге тегін жатақхана беріліп, медициналық қызметтерді тегін алуына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, тұрақты шәкіртақы төленеді. Келісім жобасында сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ғылыми жобаларды жүргізуде, оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жазуда арнайы шарт жасасу арқылы студент, оқытушы және ғалымдармен де алмаса алатыны жазылған.
Taulik.kz