Мәзір
11 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Бір сұхбат – бір айыппұл»: Құрбан Айт туралы материал қандай заңды бұзды?

«Бір сұхбат – бір айыппұл»: Құрбан Айт туралы материал қандай заңды бұзды?

«Бір сұхбат – бір айыппұл»: Құрбан Айт туралы материал қандай заңды бұзды? «Бір сұхбат – бір айыппұл»: Құрбан Айт туралы материал қандай заңды бұзды?
ашық дереккөзі
Петропавл қаласының депутаты, журналист Руфия Мустафинаға діни материалды таратқаны үшін Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының 490-бабы бойынша айыппұл салынды. Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Әділбековтен Құрбан Айт туралы сұхбат алған журналист қазақ тілін үйреніп, бұл мәселені шешуге кірісіп кеткен. Taulik.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын сұрап білді.

Оқиға қалай болды?

«Маған діни материалды таратқаным үшін 490-бап бойынша айыппұл салынды. Судья діни материал ретінде Бас имамнан алған сұхбатымды растады. Бас имаммен болған сұхбатта Құрбан Айт мерекесі, бұл мерекедегі дәстүрлер туралы сөз қозғалады.
Сонымен қатар менде екі сараптама бар. Олардың қорытындысын таратуға ешқандай кедергі жоқ. Өйткені екінші сот отырысына Дін басқармасының маманы шақырылған болатын. Ол егер имам рұқсат берсе, оны таратуға болатынын атап өтті. Бас имам маған өзі сұхбат берді. Шілде айынан бері ешқандай наразылық болған жоқ. Сондай-ақ қаланың ішкі саясатының жетекшісі және қала әкімінің баспасөз қызметі жазбаға сілтеме жасады.
Ерекше атап өту керек, екінші отырыстан кейін ғана судья бізден сұхбаттың видеосын сұрады. Демек ол алғашқы екі сот отырысын аталмыш сұхбатты зерттемей өткізген болып тұр. Мені «бұл іс қаншалықты әділ қаралды?» деген сұрақ мазалайды.
Енді апелляциялық шағым жазуды жоспарлап отырмыз. Судьяның өзіне шағым жазғымыз келеді. Сот жүйесі онсыз да күрделі. Қарапайым халыққа оны түсіну өте қиын. Егер нормалар мен ережелер нақты жазылмаған болса, «діни материалдардың таралуы» деп айыптап, қаншама адамға манипуляция жасау оңайға түседі. Дін істері басқармасына қоятын сұрағымыз көп. Имамның түсіндірмесі діни материалға жата ма? Олай болса мектеп оқушылары неліктен дінтану пәнін оқиды?
Депутат ретінде бұл мәселені шешуге міндеттімін. Белгілі болғандай, осы бап бойынша тағы 22 адамға айыппұл салынған. Менің ойымша, бұл – абсурд. Қазақстандықтар өздерінің құқықтарын қорғау үшін, осындай проблемаға тап болмас үшін істі жария еткім келеді. Біз заңсыз нәрсені насихаттамаймыз», – дейді ол.
 width=

Әрі қарай не болады?

Руфия Мустафина аталмыш іс бойынша адвокат Абзал Құспанмен жұмыс істейтінін де айтып өтті.
«Бұл іске адвокат Абзал Құспан қолдау көрсетіп отыр. Бұл үшін оған үлкен алғыс білдіремін, біз заң саласында жұмысты жалғастырамыз. Оның үстіне құқықтық кеңес пен қосымша қолдауды алуға болатын заңгерлік көмек желісін ашуды жоспарлап отырмын. Жоба Open Petropavlovsk сайтында жеке блог ретінде орналастырылады. Сондықтан әріптес депутат, заңгерлерді ынтымақтастыққа шақырамын. Жобаны іске қосқан кезде бірден жариялаймын», – дейді журналист.

Имам не дейді?

Құрбан Айт мерекесі кезінде Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Әділбековтің Руфия Мустафинаға берген сұхбатының видеосы айыпталушының Facebook парақшасында жарияланған болатын. Бас имам қазіргі жағдайға қатысты тағы пікір білдірді.
«Сұхбаттың мақсаты халыққа хабарландыру ретінде айту,  «біздің өңірде Құрбан Айт қалай шалынады?» деген сұраққа жауап беру. Біз құрбандықтың пандемияға байланысты онлайн және офлайн форматтарында шалынатынын халыққа жеткізу мақсатында сұхбат берген болатынбыз.
Сұхбат жарияланған болса, оған имам рұқсат берді деген сөз. Мәлімет діни форматқа қарағанда, хабарландыруға жақынырақ. Біз заңгер емеспіз. Дегенмен де журналист осы бап бойынша жауапқа тартылатын болса, діни ұстанымдарымызға кереғар нәрсе екенін айтқымыз келеді.
Кез келген адам сұхбат бере алмайды, кез келген адам уағыз айта алмайды. Діни басқарма тарапынан сараптама бөлімі бар. Кез келген дін қызметкерінің де белгілі бір мәселе бойынша уағыз айтуға немесе сұхбат беруге құқығы жоқ. Белгілі бір имамдар тобы бар, солар ғана сұхбат береді», - дейді бас имам.

Журналистің үстінен арызды кім жазған?

 width=

Журналиске нақты кімнің арыз жазғаны туралы сұрақтар көп қойылған. Сонымен қатар жәбірленуші қазіргі уақытта заңгерлік кеңес беру платформасын іске қосу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Ол арызды полиция діни материал таратқаным үшін жазғанын бірнеше рет айтқан болатынмын. Біз адвокат Абзал Құспанмен де жұмысты жалғастырудамыз – апелляцияға дайындалып жатырмыз. Біздің веб-сайтта және Telegram арнамызда заңгерлік кеңес беру платформасын іске қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Дайын болғанда, хабарлайтын боламын. Қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін рахмет», - деп жазды ол.

Апта талқысында: