АҚШ Ресейге әскери жабдықтармен көмек көрсетуші елдерге қарсы санкция салады, деп хабарлайды Taulik.kz.
АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен Укнаинадағы соғыстың жалғасуына ықпал ететін бірден-бір себеп, ол Ресейге әскери технологиялармен көмек көрсететін елдер. Сол үшін АҚШ көмек көрсететін жеке тұлғалар мен компаниялардың трансұлттық желісіне жаңа санкциялар салатынын мәлімдеді.
Йеллен Балидегі G20 саммиті аясында журналистерге санкциялардың қаржылық делдалдарды қоса алғанда, 14 адам мен 28 субъектіге әсер ететінін айтты, қосымша мәліметтер беруден бас тартты.
«Бұл Ресейдің әскери әрекетіне қарсы тұру. Санкциялар арқылы соғыстың бәсеңдеуіне септігімізді тигіземіз», - деді Йеллен журналистерге.
Taulik.kz