Қарақат Әбденге сайлау науқанынан бас тартып, менің штабыма қосылуға шақырамын. Әбден Қарақат Жақсылыққызының бағдарламасын талдап, кездесулерін сараптай келе, кей тұстарда ойымыз тоғысатынын түсінемін. Екеуміз де әйелдің қоғамдағы орнын, оның маңыздылығын айтып жүрміз.Салтанат Тұрсынбекова өз жазбасында қарсыласы Қарақат Әбденнің саяси тәжірибесі аз екенін алға тартты.
Бірақ айта кетейін, Қарақат Жақсылыққызының саяси тәжірибесі аз, сайлаушылармен кездесулерде оның бағдарламасының жөн-жосығын түсіндіріп, мәдени-бұқаралық іс-шаралары үшін түсініктеме беруіме тура келеді. Қарақатты өз командама шақырамын. Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек. Сайлаушылардың дауысын екіге бөлмей-ақ қояйық. ❗️Қарақат Жақсылыққызы, сайлау науқанынан бас тартып, менің командама, штабыма қосылыңыз. Әйелдер мен отбасының мүддесін алға жылжытуға бірге күш салайық! Оның үстіне, менің қарсыласым ұсынатын бастамалардың көбі менің сайлауалды бағдарламамның бір блогында ғана – «Халықты әлеуметтік қорғауда» қамтылған. Дегенмен, мен сот-құқықтық реформаны, мемлекеттік институттарды демократияландыруды, азаматтық қоғамды дамыту үшін елеулі өзгерістерді де ұсынамын. Сонымен қатар, мен құқық қорғаушымын, көп жылдар бойы әйелдердің құқығын қорғаумен айналысып келемін. Қазақ әйеліне, қазақ отбасына не керек екенін бес саусағымдай білемін.Тағы да қайталап айтамын, Қарақат Жақсылыққызы, менің командама қосылыңыз, бірге жұмыс істеп, ұсыныстарыңызды сайлаушыларға жан-жақты жеткізуге уәде беремін”,- деді ол өз жазбасында.
Taulik.kz