Мәзір
15 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отставкаға кетсін! - ЗАҢГЕР

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отставкаға кетсін! - ЗАҢГЕР

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отставкаға кетсін! - ЗАҢГЕР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отставкаға кетсін! - ЗАҢГЕР
ашық дереккөзі
Алматылық заңгер Анна Чернова Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа шүйлікті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 
"Біздің ұлттық қауіпсіздігімізге дәрігерлердің кесірінен қатер төніп тұр. Отставкаға кетіңіз! Сіз өз реформаларыңызбен біздің халықты соғыссыз және әлемдік пандемиясыз-ақ қырасыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Денсаулық сақтау министрін орнынан алыңыз! Күн сайын балаларымыз – болашағымыз өліп жатыр! Дәрігерлердің қолынан өліп жатқан қазақстандықтарға кім көмектеседі?! Қазақстандықтардың қырылуын тоқтатыңыз!", - деп жазды заңгер әлеуметтік желілерде.
Чернова Жамбыл облысында қан алғаннан кейін үш айлық қыздың шетінегеніне ашулы.
"Мен бұл істі объективті түрде тергеуді талап етемін. Сотқа дейінгі тергеу әдеттегідей созбаққа салынып, кінәлілер тағы да жазадан сытылып кетпеуі керек. Сіз тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту статистикасын көрдіңіз бе?! 5 жыл ішінде 83 адамның 27-сі жауапқа тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазасыз қалған. Менің ойымша, бұл кәдімгі геноцид. Адамдар өліп жатыр және ол үшін ешкім жауап бермейді. Біз өз елімізде қалай қорықпай емделе аламыз?! Медицинамызды ретке келтіруді тағы қанша адам өтінуі керек? Неліктен сіздер халықтың үнін естігілеріңіз келмейді?",- деді заңгер.

Taulik.kz

Апта талқысында: