logo
search
menu

27 жастағы ер азамат 7 жастағы қыздардың жалаңаш суретін шетелдік сайтқа жүктеген

27 жастағы ер азамат 7 жастағы қыздардың жалаңаш суретін шетелдік сайтқа жүктеген
16 қараша, 2022
27 жастағы ер азамат 7 жастағы қыздардың жалаңаш суретін шетелдік сайтқа жүктеген
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы TikTok әлеуметтік желісіндегі мониторинг барысында 7-10 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың ересек ер адаммен хат алмасу дерегі анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.  Тәртіп сақшылары 27 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, ұстады.
    Ведомство мәліметінше, ер адам балаларға ақша ұсынып, жалаңаш суреттерін жүктеп, ата-аналарына бұл туралы айтпауды сұраған. Ол түскен суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
    "Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 312-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және тарату" бойынша алдын ала сараланып жатыр. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
    Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларының әлеуметтік желілерде не істейтінін мұқият бақылауды сұрады.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы