logo
search
menu

Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам құтқарылды

Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам құтқарылды
16 қараша, 2022
Елордада тұрғын үй өртеніп, 5 адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қараша таңертең өрт сөндіру бөлімшесіне Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
"Өрт сөндірушілер үш минутта шақырту орнына жеткен, онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Қызметкерлер бірінші кезекте көмек сұраған адамдарды құтқаруға кірісті. Өз өмірлерін қатерге тіккен өртсөндірушілер бес адамды құтқарды. Оның біреуі - бала, он адам эвакуацияланды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Taulik.kz

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы