Айдос Ербосынұлының ауыр нокауттан кейінгі жағдайы белгілі болды
«Жақсы жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан кейін терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Батырымызға қолдау көрсетейік», - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.