Мәзір
16 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қайырымдылық қор сыйлаған баспанаға балаларын емес, өзге әйелді кіргізген әке жазалана ма?

Қайырымдылық қор сыйлаған баспанаға балаларын емес, өзге әйелді кіргізген әке жазалана ма?

Қайырымдылық қор сыйлаған баспанаға балаларын емес, өзге әйелді кіргізген әке жазалана ма? Қайырымдылық қор сыйлаған баспанаға балаларын емес, өзге әйелді кіргізген әке жазалана ма?
ашық дереккөзі

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның бастамасымен құрылған “Айдың нұры” қайырымдылық қоры сыйға тартқан баспанаға балаларын тұрғызбай, жалға беріп қойған әке туралы Еуразия бірінші арнасының “Көреміз” ток-шоуы арнайы шығарылым арнады, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Оқиғаның басына оралсақ, кәмелет жасына толмаған балалардың адам көрсе шошырлық вагонда өмір сүріп жатқанын көрген халық қайырымдылық жасап, 4 ұлы бар әкеге зәулім үй сыйлайды.

Алайда, үйдің кілтін ала салысымен, балаларын қондырмай, басқа біреулерге жалға берген. Бұл туралы “Көреміз” редакциясына ұлдары хабарласып, көмек сұраған.

Студияға 4 ұлдың анасы келіп, 7 жыл бұрын ажырасқанын, сот балаларын “анасы жағдайын реттеп алғанша әкесінің жанында болсын” деп шешкендігін айтып, енді балаларының сұмдық жағдайын көріп, қасына алғысы келетінін айтты.

Жәмилә Абылаева:

“Ажырасқалы бері балаларым осы қоқыста, құрт-құмырсқа араласқан тамақ жеп өмір сүріп келеді. Әкесі балаларыма жолатпайды. Араластырмайды мүлде. Демалыс уақыттарында алып кетейін десем де балаларды бермейді. Мына тұрып жатқан жері өзінің жұмыс орны. Осы үлкен аймақты қарауылдап жүреді”,- деп мән-жайдың басын ашып алды анасы Жәмилә.

“Көреміз” ток-шоуы бұл жантүршігерлік жағдайға екі эфир арнады. Бірі осыдан екі ай бұрын болса, бірі кеше көрсетілді. Екі ай бұрынғы эфирде әкенің үйді жалға бергені анықталса, кеше көрсетілген сағатында өзге өзінен кіші жас келіншекпен көңіл жарастырып, өзге 4 балаға өгей әке боп, қайырымдылық қоры сыйлаған баспанада бақытты күн кешіп жатқанын айтты.

Ал өзінің туған еңгезердей 4 ұлы анасымен бірге бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатыр.

Эфирге 17 жастағы ұлы кеп, әкесінен баспананы өз атына жазып беруін сұрады. Өйткені, “ қор үйді саған емес, бізге берді” деп ашулануда.

Әкесі болса, үйді ағасының атына ауыстырып тастағанын, жазып бере алмайтынын айтты.

Толығырақ келесі видеодан көре аласыз:

https://youtu.be/LKfjZ1usu-0 https://youtu.be/SVUoLO3m4Cc

Апта талқысында: