Мәзір
16 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ» (ВИДЕО)

«Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ» (ВИДЕО)

«Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ» (ВИДЕО) «Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ» (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне, жауларына, ұстанымдарына қатысты бұрын айтылмаған деректер белгілі болды. Бұл туралы жазушы Жүсіпбек Қорғасбек Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Алтынбектің өліміне қатысты біздің қолымызда заң орындарының тергеу-тексеруінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ ол тікелей жүйенің құрбаны дегенге келіскім келмейді. Бірақ сол жүйенің ішіндегі жекелеген адамдармен ашық жау болғанын білемін. Солардың қолынан болған қаза шығар деп ойлаймын», - деді жазушы.
Жазушының айтуынша, Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болмаған.
«Алтынбек Сәрсенбайұлы еш уақытта оппозиционер болған жоқ. Ол – оппозицияның адамы емес, мемлекетшіл адам. Ол мемлекетке қызмет етті. Мемлекеттік қызметте жүріп те, мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де мемлекетке қызмет етті. Сендер қашан көрдіңдер, Алтынбек Сәрсенбайұлының көшеге шығып, белгілі бір топтың алдында айғайлап жүргенін? Көрген жоқсыңдар ғой. Мен де көрген жоқпын», - деді Жүсіпбек Қорғасбек.
https://www.youtube.com/watch?v=usT_mSPxYUo

Апта талқысында: