Мәзір
16 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Әкеміз келіп қалатын сияқты: Ләйлә Сұлтанқызы жұбайына жазба жариялады

Әкеміз келіп қалатын сияқты: Ләйлә Сұлтанқызы жұбайына жазба жариялады

Әкеміз келіп қалатын сияқты: Ләйлә Сұлтанқызы жұбайына жазба жариялады Әкеміз келіп қалатын сияқты: Ләйлә Сұлтанқызы жұбайына жазба жариялады
ашық дереккөзі
Белгілі тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы бір жұма бұрын дүние салған жұбайы Қайрат Беркінбаевқа арнап тағы да өз инстаграм парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Тағы да сен туралы. «Анашым, жылай бермеші, сен бізге енді бұрынғыдан да қатты керексің. Әке, келіп қалатын сияқты…», - дейді тұңғышым. Кенжем Сардар болса, білдірмей, бөлмесіне барып жылап алады. Сардардың әкесімен қарым-қатынасы ерекше болды. Кенжесі болған соң ба, қатты еркелетіп өсірді. Бір жұбанышым, әйтеуір екеуінің екі үлкен ағасы, әпкесі бар, жалғыз емес. Қайрат үнемі балаларын жанына жиып жүретін. Әр немересіне жеке көңіл бөліп, келіндерін аузынан тастамайтын. Олар да маған құрбы сияқты болып кеткен. Сол жағын ойласам, қуанам. Ұлдарға бауырмалдылық, отбасы құндылықтарын жақсы көрсете білді. Жазда ғана қызын ұзатып, үлкен той жасаған еді. Ұл-қыздары, немерелерімен шүйіркелесіп отырған суреттерін өзім түсіріп едім. Әлі де бәрінің жай ғана елес болып қалғанына сене алмаймын. Бірақ ұрпағы үшін бәріне төтеп беруге уәде бердім…,-деп жазды ол жазбасында.

Taulik.kz

Апта талқысында: