Мәзір
17 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Елімізге 250 мың шетелдік маман келмек

Елімізге 250 мың шетелдік маман келмек

Елімізге 250 мың шетелдік маман келмек Елімізге 250 мың шетелдік маман келмек
ашық дереккөзі
Шетелдік оқытушылар мен ғалымдарға арнайы виза берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Стратегиялық бастамалар форумында Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 
«Көптеген Ресей, Украина мен Беларусь университеттерінің ғалымдары, зерттеушілері жұмысы мен академиялық мансабын жалғастыру үшін мүмкіндіктерді іздестіріп жатыр. Соның ішінде өңір бойынша басымдық ретінде Қазақстан да қарастырады. Біз ғалымдармен ұқыпты диалог жүргізіп жатырмыз. Қазір ол біздің университеттеріміз арқылы жүргізіледі. Ол ғалымдарды дәріскер ретінде қонаққа, сондай-ақ ұзақ мерзімге зертханаларға  ғылыми жұмысшылар ретінде шақыратын боламыз. Егер қазір күшімізді дұрыс есептеп, тиісті  шараларды қабылдайтын болсақ, Қазақстан алдағы 3-5 жылда мықты аймақтың академиялық мобильді хабқа айналуы мүмкін», – деді ол. «Біріншіден, Қазақстан Балон ұйымының тең төрағасы болып отыр. Қазан айында Балон процессі принципіне негізделген Орта Азияның жоғары білім кеңістігін құру туралы хабарладық. Бұл университеттерді тез интеграциялап, біздің жоғары білімнің тартымдылығын арттырады. Екіншіден, шетелдік университеттерді белсенді шақыратын боламыз. Аризона университеті СҚО-да мемлекеттік университеттің базасында бөлімшемін ашты. Біз бірінші рет қызық жағдайды көрдік. СҚО-ға оқуға еліміздің 6 өңірінен студент келді. Қазір америкалық, еуропалық универитеттермен белсенді жұмыс істейтін боламыз», – деді.
Саясат Нұрбек цифрландыруды белсенді жүргізу қажеттігіне тоқталды.
«Онлайн білім беруге ресми түрде рұқсат береміз. Көптеген ресурс пен инвестицияны қажет ететін кадемиялық инфрақұрылымды дамыту жолымен гибридті форматты дамытып жатырмыз. Иә, ол үлкен сын қатер мен тәуекел, сондай ақ ол үлкен мүмкіндік. Егер бәрін дұрыс істесек, алдағы 3-5 жылда Қазақстан Орта Азиядағы ірі академиялық хабқа айналуға мүмкіндігі бар, кезінде Катар, Араб Әмірліктері мен Малайзия жасаған болатын», – деді министр.
Министрдің ойынша, бұл шешім еңбек ресурсының тапшылығын алдын алады.
«Қазір жаңа көші-қон тұжырымдамасы әзірленіп, талқылаудан өтіп жатыр. Бірқатар келісуден өтті. Өте қызықты құжат. 30 үлкен бастама бар. Онда қателеспесем 10 жылға 250 мың ықтиярхат беру көзделген. Америка тәжірибесінде табысты қолданылып жатқан құнды дағдылар визасы бар. Ғалымдар, оқытушылар үшін жеке визаны іске қосатын боламыз. Бұл құжат түпкілікті қабылданбағаны өкінішті. Сондықтан оған толыққанды сілтеме жасай алмаймын. Бірақ ол тұжырымдамада өзімізде жоқ, тапшы кадрларды тез қалыптастыруға мүмкіндік беретін өте қызықты құралдар бар», – деп қорытындылады Саясат Нұрбек.

Taulik.kz

Апта талқысында: