Бұл сұрақты журналистер бүгін Сенат кулуарында Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға қойды. «Қазақшам мінсіз емес» деп сөзін бастаған ол Қазақстанға қатысты айтылған әрбір сөзді «зерттейміз» деп отыр, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жалпы біз Ресей Федерациясының ресми тұлғаларының сөзіне талдау жасап отырамыз. Ресейдің жекелеген азаматтарының да сөзіне қараймыз. Мемлекет ретінде басқа мемлекеттердің ресми мәлімдемелеріне баса мен береміз. Мәселен, Ресейде 140 млн адам тұрады. Егер солардың әрбірінің сөзіне қатысты пікір білдіре берсек, ол қаншалықты дұрыс болады», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
Журналистер Алекс Лесли деген ресейлік блогердің «біз Қазақстанда мобилизацияланамыз» деген сөзіне қатысты Василенконың пікірін сұраған. Роман Василенко ол сөзді естімегенін, алайда тиісті шараларды қабылдайтынын айтты.
«Мұндай жағдайда аталған адамға Қазақстан аумағына кіруге тыйым салудан бастап сол елдің ресми тұлғаларымен бірге жұмыс жүргізуге дейін шаралар қабылданады. Алайда білуімше, сіздер атаған адам жауапсыз сөйлеген жеке біреулер болуы керек. Сол себепті бұл материалды зерттеп, тиісті шешімді қабылдаймыз», - деді ол.