logo
search
menu

Нығматулиннің ұлдары зауытында 192 миллион теңге негізсіз кіріс сақтаған

Нығматулиннің ұлдары зауытында 192 миллион теңге негізсіз кіріс сақтаған
17 қараша, 2022
Нығматулиннің ұлдары зауытында 192 миллион теңге негізсіз кіріс сақтаған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Нығматулин ұлдарының зауытында 192 миллион теңге негізсіз кіріс анықталды. «Қазфосфат» кәсіпорны бұл ақшаны жолдардағы монополиядан алған, деп хабарлайды Taulik.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті құрылтайшылары Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлдары Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтар болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС-нің тарифтік сметасын орындауына талдау жасады. Тексеру барысында зауыттың кірме жолдарға тарифті төмендетіп, сол арқылы бекітілген тарифтік сметаны және «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны белгілі болды.
    «Сонымен «Қазфосфат» ЖШС-нің 2021 жылғы негізсіз кірісінің сомасы ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін есепке алғанда 192 481 820 теңгені құрады», - деді ведомство.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы