Мәзір
17 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Әділетті қоғам адамдар өздеріне жауапкершілік алған кезде құрылады» – Бауыржан Мұратбекұлы

«Әділетті қоғам адамдар өздеріне жауапкершілік алған кезде құрылады» – Бауыржан Мұратбекұлы

«Әділетті қоғам адамдар өздеріне жауапкершілік алған кезде құрылады» – Бауыржан Мұратбекұлы «Әділетті қоғам адамдар өздеріне жауапкершілік алған кезде құрылады» – Бауыржан Мұратбекұлы
ашық дереккөзі
Экономист, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, э.ғ.к. Бауыржан Мұратбекұлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына қатысты пікір білдіріп, «мемлекет бізге не береді деген түсініктен, біз мемлекетке қалай көмектесе аламыз деген түсінікке келуіміз керектігін» айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Президенттің сайлауалды бағдарламасымен танысып шықтық. Өйткені бәріміз дауыс береміз деп үміттеніп отырмыз. Тоқаевтың бағдарламасының өзі «Әділетті Қазақстан, Әділетті экономика, Әділетті қоғам» деп аталатыны белгілі. Бұл – үлкен концепция. Ыңғайлы, нақты және күрделі механизмдерсіз қарапайым халыққа түсінікті болатындай етіп жасалған бағдарлама деп ойлаймын. Оның ерекшелігі – бұл тұжырым 2019 жылы Тоқаев жасаған бағдарламаның жалғасы іспетті. Өйткені сол уақытта алға қойған мақсаттар әлі толыққанды орындалған жоқ. Оған уақыт та керек екендігі белгілі. Бірақ халық қазіргі уақытта оны көзімен көріп, жүрегімен сезініп отыр. Тоқаев президент болғаннан бері қоғамның, халықтың билікке деген көзқарасының өзгеріп келе жатқанын да нақты көріп отырмыз», – дейді экономист.
Оның айтуынша, Қазақстанда Әділетті қоғам оны жүзеге асыратын адамдар өздеріне тікелей жауапкершілік алған кезде құрылады.
«Экономист ретінде айтар болсам, бізде халықтың байлығының басым бөлігі осы уақытқа дейін, Тоқаев президент болғанға дейін белгілі бір мүдделерге жұмыс істеді. Оны халық көрді, білді, айтқысы да келді. Бірақ сол уақыттағы жүйе оған еш мүмкіндік бермеді. Тоқаевтың бұл жолғы сайлауалды бағдарламасының өзі сол кезде аталып өткен жұмыстарды әрі қарай толыққанды орындауға негізделеді. Бірінші кезекте, бұған дейін Қазақстанның экономикасын 161 адамның иеленіп отырғаны белгілі еді. Осының өзі – бұрынғы жүйенің нәтижесіздігі. Ол айналып келгенде қаншама халықтың наразылығын тудырды. Әділетті Қазақстанды құру үшін біз соған жағдай жасауымыз керек. Оның бастамасы ретінде Тоқаевтың біраз өкілеттігін парламентке беріп жатқанын айта аламыз. Парламент заң шығарушы орган және парламенттегі әр адам халықтың атынан түскендігін сезініп, соларға, ең алдымен, есеп беруге тырысады. Яғни біз Әділетті қоғамды оны жүзеге асыратын адамдардың тікелей жауапкершілігінің артуымен байланыстырамыз», – дейді ол.
Өз сөзінде Бауыржан Мұратбекұлы Әділетті қоғамды құру президенттің ғана қолындағы дүние емес екенін айтып өтті.
«Одан кейін бізге келетін сыртқы инвесторлардың саяси тұрақтылығымыз бен экономикалық ахуалымызға қарайтыны белгілі. Президент экономиканы дамытудың басым бөлігі осы инвестицияға тиесілі болғандықтан, инвесторларға назар аударып, оларға көмектесетін түрлі бағдарламалар әзірлеп жатыр. Бұл Әділетті экономиканың құрылуына жол ашады. Өйткені осы уақытқа дейін бизнесті дамыту барысында көптеген кедергілерге кезігетін болсақ, осы бағдарламадан кейін бизнес ашуға деген сұраныстың артатынын, қарапайым адамдардың шағын және орта бизнестегі үлесінің көбейетінін байқауға болады. Әділетті қоғам. Бұл президенттің ғана қолынан келетін дүние емес. Бұған тұтас халық болып атсалысуымыз қажет. Өзіміздің азаматтық позициямызды, қаржылық сауатымызды байқатуымыз керек. Яғни мемлекет бізге не береді деген түсініктен, біз мемлекетке қалай көмектесе аламыз деген түсінікке келсек. Осылардың бәрі біздегі Әділетті қоғамның қалыптасуына әсерін тигізеді», – дейді экономист.

Апта талқысында: