Петропавл қаласында газ балонның жарылысынан жарақат алған адамдардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға түскен 9 науқасты орта және жеңіл түрде күйік шалған. Қазір олар ем-дом қабылдап жатыр.
Дүмпудің қатты болғаны соншалық, ғимараттың бір қабырғасы опырылып түсті. 10 көлік зақымданды.
Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы вгений Журавлёвтің айтуынша, болжам бойынша, көліктің газ құрылғысы жарылып кеткен.
Оның нақты себебін тергеуден кейін анықталады. Оқиға болған жерде 10 бірлік техника мен 43 өрт сөндіруші жұмыс істеді.
Taulik.kz