logo
search
menu

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
18 қараша, 2022
Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақын Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы Төреғали Төреәлі, Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz. Кеше Төреғали Төреәлі ақынның шаңырағында түскен суретін желіде жүктеген.
    «Әкеміздің бойынан әл кеткен жоқ», - деп жазды ол.
    Айтыскер Марат Ахметов те Жүрсін Ерманның жағдайын сұрауға барғандарын атап өтті.
    «Бүгін Алматыға келіп Жүрсін көкемізді көзбен көріп, көңілін сұрап қайттық. Ағайдың жағдайы біраз жақсарып қалыпты. Тілеулес болған баршаңызға ризашылығын білдіріп жатыр. Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. Құдай тағала көптің тілегін қабыл етті деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық. Жүрсін көкеміздің ауруханадан сауығып шыққанын үйінде тойлап отырмыз», - деді ол.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы