logo
search
menu

Қызылордалық студенттер күріш қалдығынан қағаз шығарып жатыр

Қызылордалық студенттер күріш қалдығынан қағаз шығарып жатыр
18 қараша, 2022
Қызылордалық студенттер күріш қалдығынан қағаз шығарып жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қызылордалық студенттер күріш қауызы мен сабанынан қағаз шығарып жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Өңірде бір жылда шамамен 500 мың тонна күріш жиналады. Одан шығатын қалдықтың да көлемі соған пара-пар. Дән жиналғаннан кейін сабандар алқаптарда өртеледі. Ал оның адам денсаулығына зияны көп дейді жас ғалымдар. Сондықтан олар күріш қалдықтарын кәдеге жаратып, қағаздың негізгі шикізатын ойлап тапқан.
    Целулоза бізде қарапайым А4 кеңсе тауары болып табылады. Осының құрамында бар. Жалпы, біз жасаған целулозаның проценті толығымен стандарттық жобаларға сай келеді. Толығымен қағаз болып шығу үшін біздің алғанымыз – кішкене бөлекшері. Бұған бірінші кезекте үлкен жұмыс күші және үлкен аппараттар да қажет болады, - дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Мағжан Бекқожаев.
    Бұл шикізаттан кеңсе қағазынан бөлек, салфетка мен дәретхана қағазын да шығаруға болады. Тіпті, әскери құрылғылар жасауда да қолданылады екен. Тыңнан түрен салған студенттердің бұл еңбегіне қызығушылар да көп екен.
    Алматы қағаз шығаратын зауыт бар. Соның өкілдері келіп, біздің жұмысқа қызығып, үлгілерімізді алып кетті. Одан бөлек, ресейлік ғалымдар бар. Ғылым қорының басшылығы да келіп, осы жұмысқа қызығушылық танытты. Қазір инвестор болуға дайын тұрған бизнес әріптестеріміз де бар, - дейді университеттің зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы