Өгей анасы тамақ бермейді: 5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі (ФОТО)
"Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады", - деді полицияда.Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері осы үйге барып, баланың әлсіреп кеткен күйін көрген. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр.

Taulik.kz