logo
search
menu

Тәліптер спорттық автокөліктің үлгісін жасап шығарды

Тәліптер спорттық автокөліктің үлгісін жасап шығарды
18 қараша, 2022
Тәліптер спорттық автокөліктің үлгісін жасап шығарды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ауғанстан автоқұрастырушылары Катардағы ірі автосалонда сарапшылар мен автокөлік жүргізушілерінің назарына ұсынылатын спорттық автокөліктің өзіндік үлгісін жасап шығарды. Бұл туралы Taulik.kz islam.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.  2023 жылы Женева автосалоны (GIMS) Женева қаласының өзінде емес, Катардың астанасы Дохада өтеді. Бұл тараптағы шараны араб елінде өткізу өз кезегінде тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) жетекшілігімен Ауғанстанға беделді шараға қатысуға мүмкіндік берді. Ауған спорттық автокөлік үлгісін Кабулдағы университеттердің біріндегі инновациялық орталық құрастырған. Кабулдағы Катар елшілігі ауған спорт көлігінің прототипі келесі жылы автосалонда көрсетілетінін растады.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы