Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Феминита» феминистік бастама тобы Тұрсынбекованы қолдауға шақырды (ВИДЕО)
«Феминита» феминистік бастама тобы Тұрсынбекованы қолдауға шақырды (ВИДЕО)
18 қараша, 2022

Мазмұны
Қазақстандағы «Феминита» феминистік бастама тобы Салтанат Тұрсынбековаға дауыс беріп, пікірлестерін де сондай таңдау жасауға шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Аталған коллектив Қазақстандағы әйелдер теңдігі мен құқығы үшін күресіп жүр. Оның ішінде ЛБКТ-қауымдастығы да бар.
Естеріңізде болса, бұған дейін олардың Қазақстан қалалары бойынша бірнеше жиындарын ер-азаматтар тоқтатып тастаған.
Салтанат Тұрсынбекова «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын әзірлеген. Жоба бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, дағдарыс орталықтарында, балалар мен қарттар үйлерінде, әйелдер колониясында, еліміздің ең шалғай ауылдарында болған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы