Мәзір
18 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Алекс Лесли Алматыға келе жатыр: Сыртқы істер министрлігінің тыйымы қайда?

Алекс Лесли Алматыға келе жатыр: Сыртқы істер министрлігінің тыйымы қайда?

Алекс Лесли Алматыға келе жатыр: Сыртқы істер министрлігінің тыйымы қайда? Алекс Лесли Алматыға келе жатыр: Сыртқы істер министрлігінің тыйымы қайда?
ашық дереккөзі

Бір апта бойы желіні шулатып, “Қазақ қыздарының ішіндегі ең ыстығы кім?” атты тренинг өткіземін деп жар салған ресейлік Алекс Лесли қазақ қоғамының талқысына қатты түскен еді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қоғамның ашуына тиген ресейлік тренерді елге кіргізбеу туралы қарсылық акциясы барлық әлеуметтік желіде белсенді түрде жұмыс істеді. Қоғам қайраткерлері мен блогерлер, тіпті Мұхамеджан Тазабектің өзі де үнсіз қалмай видеоүндеу жолдаған еді.

Алайда тренер Алекс Лесли өз инстаграм парақшасында Қазақстанға келуіне ешкім кедергі жасамағанын, ұшақта екенін айтты.

“Барлық қазақ қыздары біздікі. Менің кітаптарым Қазақстанда сатылып жатыр.

6 сағаттан кейін мені күтіңіздер. Алматыға бара жатырмын. Сіздермен кездесуді асыға күтудемін, әсіресе фанаттарым мен хейтерлеріммен де...

Маған Қазақстанға кіруге ешқандай шектеу қойылмағаны анық. Әйтпесе мені ұшаққа отырғызбаушы еді. Бірнеше сағаттан кейін Алматыда боламын, әйелдеріңіз бен қыздарыңызды тығып қойыңыздар”,- деді ол инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Парламенті Сенатының отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанға «қазақ әйелдерін қаратуды» үйрету үшін келетін ресейлік блогердің мәлімдемесін зерделеуге уәде берген еді.

Министр орынбасарының айтуынша, ведомство Ресей Федерациясының шенеуніктерінің, соның ішінде осы елдің жекелеген азаматтарының түсініктемелерін бақылайды.

"Мемлекет ретінде біз басқа мемлекеттердің ресми мәлімдемелеріне жауап береміз. Мысалы, Ресейде 140 миллион адам тұрады. Егер бәрі сөйлеп, әр пікірге жауап берсек, бұл қаншалықты дұрыс болады? Біз бұл мәлімдемені мұқият зерделеп, тиісті шараларды қабылдаймыз". Роман Василенко.

Taulik.kz

Апта талқысында: