logo
search
menu

Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндірушінің жағдайы айтылды

Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндірушінің жағдайы айтылды
18 қараша, 2022
Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндірушінің жағдайы айтылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Асқар Забикулин 16 қараша күні Момышұлы даңғылындағы көп қабатты үйден шыққан өрт кезінде 80 жастағы әже мен оның 22 жастағы немересін құтқарды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Бүгін оны емдеп жатқан дәрігер Павел Кутиков өрт сөндіруші өте ауыр халде жатқанын айтты.
    «Бірден айтайын, науқастың жағдайы өте ауыр. Өйткені, денесінің 80 пайызы күйген. Беті сау, ішінің терісі сау, аяғы күймеген. Саны күйген. Өрт сөндіруші жанып жатқан пәтерге кіргенде маска тақты ма, жоқ па, білмеймін, бірақ маған жеткен ақпаратқа сәйкес, ол адамдарды құтқару үшін шешінген дейді. Жалындаған оттың ішінде оның тыныс алу жолына ыстық ауа түскен. Яғни, былайша айтсақ, денесінің сыртын күйдірген от оның аузын, тамағын, тыныс алу жолын, өңешін, өкпесін күйдірген», – дейді дәрігер.
    Қазір оның өкпесі демалсын деп дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Ағзасы аппаратқа қарсылық танытпасын деп дәрімен ұйықтатып қойған. Естеріңізге сала кетейік,16 қараша күні Астанада Момышұлы даңғылындағы көп қабатты үйдің 11-қабатында үш бөлмелі пәтер отқа оранған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы