Мәзір
18 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақ қыздарын қорғаған жігіттер ресейлік фотографқа ескерту жасады

Қазақ қыздарын қорғаған жігіттер ресейлік фотографқа ескерту жасады

Қазақ қыздарын қорғаған жігіттер ресейлік фотографқа ескерту жасады Қазақ қыздарын қорғаған жігіттер ресейлік фотографқа ескерту жасады
ашық дереккөзі
Семен Резчиков – әлемдегі танымал көше фотографтарының бірі. Қазір ол Алматыда, қала тұрғындарын фотоға түсіреді. Алайда кейінгі уақытта қазақстандықтар оның қыздарды суретке түсіруіне агрессивті жауап беріп, хабарлама жолдаған, деп хабарлайды Taulik.kz. Фотограф қазан айының басында Алматыға көшіп келген. Ол түсірген фотолар мен видеолар әлеуметтік желілерде мыңдаған лайк пен пікір жинап үлгерді. Алайда олардың арасында фотографқа еш себепсіз агрессия білдірген адамдар да бар. Резчиков осы тақырыпта Telegram арнасында жазба жариялады.
Оған: «Сен суретке түсірген қыздардың бірінің ағасымын. Қайда тұрсың? Кездескен кезде құлағыңды кесіп тастаймын. Жігіттерге сені тауып, алдыма әкелсін дедім», «қазақ қыздарын Лесли секілді жарнамалағың келе ме?», – деген хабарламалар жіберген.
Семен Резчиковтың жазуынша, қазақтар – «өте керемет халық, ал мұндай жігіттер әрбір ұлтта болады». Ол жігіттердің осылай қорқытып жатқанын оқырмандарына айтуды шешкен.  width= Сонымен қатар фотограф өзіне қатысты хейттің Алекс Леслидің мәлімдемесінен кейін болғанын, өзінің «қыздарды төсекке үгіттейтін» мақсаты жоқ екенін атап өтті.

Апта талқысында: