«Құдай емеспіз ғой»: Назарбаев Мәсімовке қатысты пікір білдірді
«Бұл мені де қызықтырады. Мен де сот тергеуінің аяқталуын күтіп жүрмін. Не себеп болғаны, артында кім тұрғанын айту қиын. Мәсімов көп жыл менімен жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх жанында отырған Яһуди туралы білді ме? Біз құдай емеспіз ғой. Сондықтан соттың аяқталғанын күтеміз, сол арқылы шындықты білеміз деп ойлаймын», - деді Назарбаев.