logo
search
menu

Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндіруші қайтыс болды

Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндіруші қайтыс болды
20 қараша, 2022
Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндіруші қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Денесінің 80 пайызы күйіп қалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин өмірден өтті, деп хабарлайды Taulik.kz. Әріптестерінің айтуынша, ол – өз ісінің кәсіби маманы. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды. ТЖМ марқұмның отбасына көмек пен қолдау көрсетеміз деп уәде берді.
    «Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды. Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті. Асқар Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
    Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Астанада Момышұлы даңғылындағы көп қабатты үйдің 11-қабатында үш бөлмелі пәтер отқа оранған болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы