logo
search
menu

Зеленский үндемесін және ЕО-дан ақша сұрай бермесін – саясаткер

Зеленский үндемесін және ЕО-дан ақша сұрай бермесін – саясаткер
20 қараша, 2022
Зеленский үндемесін және ЕО-дан ақша сұрай бермесін – саясаткер
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Еуропа елдері кедейленіп, Киев режиміне әскери және қаржылық көмек көрсете алмайды. Бұл туралы бұрынғы Еуропарламент депутаты, Францияның «Патриоты» қозғалысының жетекшісі Флориан Филиппо Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz. Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский Еуроодаққа Киев «қыстан аман шығу» үшін «тағы миллиардтарды» бөлу туралы талап қойған. Француз саясаткер бұны сандырақ деп атап, Зеленскийді «Польшадағы зымыран туралы өтірік айтты» деп айыптады.
    «Жалпы Зеленский Польшадағы зымыран туралы өтірігінен кейін үндемеуі керек еді!» - деді Филиппо.
    Естеріңізге сала кетейік, 15 қарашада Польшаның шығысында Украинамен шекарада орналасқан Пшеводув елді мекеніне зымыран құлап, екі адам қаза тапты. Владимир Зеленский бұл үшін Ресейді кінәлап, батыстан «әрекет етуді» талап етті. Алайда келесі күні Польша президенті Анджей Дуда Республика билігінің бағалауы бойынша құлаған зымыран Украинаның Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі екенін айтты.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы