Мәзір
21 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Taulik.kz Тұңғыш президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Апта талқысында: