logo
search
menu

Қазақстандық боксшылар үздік бестікке қосылды

Қазақстандық боксшылар үздік бестікке қосылды
21 қараша, 2022
Қазақстандық боксшылар үздік бестікке қосылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жаңа рейтингте екі бірдей қазақстандық боксшы үздік бестікке қосылды, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы сатыдан, бесінші сатыға көтерілді. Ал орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан бесінші орынға жайғасты. Айта кетейік, 27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ахмедов IBF North America және WBC Silver белбеулерін иеленді. Ал 29 жастағы Нұрсұлтанов болса қазан айында ақырғы айқасын өткізіп, ұпай бойынша аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен айласын асырды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы