logo
search
menu

Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қандай көмек көрсетіледі?
21 қараша, 2022
Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қандай көмек көрсетіледі?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Марқұм болған өртсөндіруші Асқар Зәбикулиннің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды, деп хабарлайды Taulik.kz.
    "Асқардың артында екі кішкентай баласы қалды. Өздеріңіз білетіндей, Асқар Забикулиннің жұбайына үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Жаңа баспана Есіл ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл пәтер Асқардың отбасына жекеменшікке, әрленген күйде әрі жиһазымен бірге беріледі. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Ал құтқарушы Аян Кемпіровтің отбасына көмек ретінде ипотекасы жабылды. Оның сомасы 24 миллион теңгені құрайды. Сол сияқты Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтің отбасыларына тиесілі 6 миллион теңгенің несиесі өтелді", - деп мәлімдеді Ақмарал Олжабаева.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы