logo
search
menu

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
21 қараша, 2022
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жекті бекітті, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.
    «WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», - делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.
    Айта кетейік, 13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, ал оның қорытындысы бойынша төрешілер Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы