logo
search
menu

Қазақша дубляжды фильмге билет алдық, бірақ бізді кіргізбеді - Алматылық тұрғын

Қазақша дубляжды фильмге билет алдық, бірақ бізді кіргізбеді - Алматылық тұрғын
21 қараша, 2022
Қазақша дубляжды фильмге билет алдық, бірақ бізді кіргізбеді - Алматылық тұрғын
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматылық ару @_zhangalova бір күн бұрын Premium Forum кинотеатрында басынан өткен жайсыз жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Бойжеткен «Қара пантера: Ваканда мәңгілік» фильміне қазақша дубляжды версиясына алдын-ала билет сатып алған.

    Бұл сеансқа екі-ақ билет сатып алынғаны белгілі болды, сондықтан қыздарды кинотеатр дәл сол фильм, бірақ орыс тілінде көрсетілетін залға отырғызған.

    Алматылық ару ренжіп, түсіндіруін талап еткен. Кинотеатр қызметкерлері болған оқиғаны «қателік» деп түсіндірді.

    Айта кету керек, мұндай жағдай Қазақстанның басқа қалаларында да байқалады. Кейбір облыстардың кинотеатрларында қазақша дубляждағы фильмдер мүлдем көрсетілмейді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы