Taulik.kz
Тағы да мобилизация бола ма? – Кремль жауап берді
Тағы да мобилизация бола ма? – Кремль жауап берді
21 қараша, 2022

Мазмұны
Кремльдің айтуынша, билік мобилизацияның екінші толқыны туралы мәселені талқыламаған. Бұл сұраққа Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков жауап берді, деп хабарлайды taulik.kz ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Песковтың айтуынша, дәл қазір бұл сұрақ айналасында мәселе көтеріліп отырған жоқ әрі ол Ресейдің Қорғаныс министрлігі атынан жауап бере алмайтынын жеткізген.
Айта кету керек, бұған дейін 28 қазанда Ресейде мобилизация аяқталып, министр Сергей Шойгу Путиннің алдында есеп берген болатын. Онда 300 мың әскери азаматтың толық жиналғаны айтылған болатын.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы