Мәзір
22 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі туралы айтты Ләйлә Сұлтанқызы күйеуіне берген уәдесі туралы айтты
ашық дереккөзі
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың атқарған істері жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қол қусырып жылай бергенмен пайда жоқ, өзімді жаймен қолға алып, бүгін Қайрекеңнің қандай адам болғанын, қандай іс атқарғанын айтып бергім келеді. Жаза берді-ау деп көп көрмеңіздер, қолымнан келетіні осы ғана. Ұрпағына үлгі, туған-туысқа естелік болса деймін. Қайрат өте қолы ашық жан еді. 2006-2007 жылдары бизнеспен белсенді айналысты. Өзі туып-өскен Созақ ауданы, Қызылкөл ауылында мектеп болмады. Балалар аудан орталығында орналасқан алыс мектепке баратын. «Балаларға жағдай жасау керек», – деп өз қаражатына мектеп тұрғызды. Құрылыс біткен соң толығымен мемлекетке тапсырды (төртінші сурет сол мектептің ашылу салтанатынан). Мектеп жасындағы балалардың мәселесі шешілген соң, 2008 жылы сол ауылға балабақша тұрғызып, оны да мемлекетке табыстады. 200-ге жуық отбасы тұратын ауылдың 50-ден астам бөбегі қазір сол балабақшада тәрбиеленіп келеді. Оны қазір жүргізіп, Қайрекемнің бастамасын жалғап жүрген Нұржамал Құлжабайқызына алғысымды білдерімін. Жаратқанның құдіретін айтам, дәл сол мектеп құрылысы жүріп жатқанда Сағадатқа, балабақша құрылысы басталғанда Сардарыма аяғым ауыр болған екен. Істеген игі істерің барда – сенің атың ешқашан өшпес. Мен уәдемде тұрып, сен салған мектеп пен балабақшаны әрі қарай қолдауға, дамытуға сөз  беремін», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Апта талқысында: