logo
search
menu
Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі

Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды

Балабақшада балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан қуылды Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Taulik.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видеодан кейін "Мәншүк" балабақшасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.
"Тексеру қорытындысы бойынша аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына "Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне" сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақшаның директорына сөгіс жарияланды", - деді Бағдат Тұрғанбаева.

Taulik.kz