Мәзір
22 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Сайлау қорытындысы жарияланды: Тоқаевқа 6 млн адам дауыс берген

Сайлау қорытындысы жарияланды: Тоқаевқа 6 млн адам дауыс берген

Сайлау қорытындысы жарияланды: Тоқаевқа 6 млн адам дауыс берген Сайлау қорытындысы жарияланды: Тоқаевқа 6 млн адам дауыс берген
ашық дереккөзі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды.  ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған. Сонымен бірге, Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 мың немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген. Нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауды жүргізді. Сайлау учаскелерінде 1225 қазақстандық БАҚ өкілдері, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген журналистері ақпарат таратты. Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанында 68 учаске құрылған. Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады.

Taulik.kz

Апта талқысында: