Мәзір
22 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ауылда медициналық жағдай тұрақты - Ажар ҒИНИЯТ

Ауылда медициналық жағдай тұрақты - Ажар ҒИНИЯТ

Ауылда медициналық жағдай тұрақты - Ажар ҒИНИЯТ Ауылда медициналық жағдай тұрақты - Ажар ҒИНИЯТ
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халық денсаулығын баяндады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Бүгін ауылда шамамен 8 млн адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 41%-ы. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам (5397) медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, 9 айда өлім-жітім көрсеткіші 28,5%-ға төмендеді. Былтырмен салыстырғанда жалпы ауыл тұрғындарының арасында да өлім-жітім көрсеткішінің 21%-ға төмендеуін байқаймыз», - деді Ажар Ғиният.
Бірінші орында тыныс алу ағзаларының ауруы – 42,7%, (2021 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 17 164,4), екінші орында ас қорыту – 9% (2021 жылы – 3 626,6), үшінші орында несеп, жыныс жүйелері тұр, - деді министр.
Бүгінде ауылдарда 67 мыңнан аса медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Taulik.kz

Апта талқысында: