logo
search
menu

Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр

Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр
22 қараша, 2022
Ресейліктер жаппай теңге сатып алып жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Өткен аптада Мосбиржада қазақстандық валюта жалпы сомасы 4,2 млрд рубльге сатып алынған және сатылған. Бұл жаз айларындағы сауда көлемінен үш-төрт есе жоғары, деп хабарлайды Taulik.kz Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап. 
    18 қарашада "ертең" жеткізілімімен Мосбиржадағы қазақстандық теңгемен сауда көлемі 1,13 млрд рубльге жеткен. Ал доллар, еуро мен қытай юанімен сауда-саттық өткен аптада 100 миллиард рубльге төмендеді – 857,2 миллиард рубльге дейін. Еуродағы сауда көлемі, керісінше, 7%-ға өскен. Сарапшылар инвесторлардың кейбір баламалы валюталарға қызығушылығы төмендегенін айтады. Мәселен,  үш ай бұрын Гонконг доллары мәмілелер күнделікті 300-500 миллион рубльге жасалса, соңғы уақытта бұл валютаның сауда көлемі 200 миллион рубльге жетпейді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы