Мәзір
22 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? – Заңгер жауабы

Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? – Заңгер жауабы

Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? – Заңгер жауабы Алекс Леслиге қандай жаза қолдануға болады? – Заңгер жауабы
ашық дереккөзі
Ресейлік блогер Алекс Леслидің қазақ қыздарына қатысты түрлі мәлімдемесі қоғамда дау тудырды. Заң кеңесшісі Азамат Бекқұлов Леслиге қатысты тағайындалған шектеу және оған өзге қандай жаза қарастыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Блогердің шын есімі - Александр Кириллов. Алматыда қазақ қыздарын сындыру курсын өткіземін деп мәлімдеген блогердің айтқан сөздерін СІМ тексереді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтқан еді. Оның алдында Алекс Леслиге Қазақстанға келуге бір жылға тыйым салынғаны ресми хабарланған болатын. Алайда блогер бұл ақпаратты жоққа шығарып, шекарадан өтіп, Алматыға келгенін айтты. Заң кеңесшісі Азамат Бекқұловтың сөзінше, бір жыл шектеу жеткіліксіз. Маман Қазақстан заңнамасы бойынша шетелдіктерге елге кіруге қандай жағдайда тыйым салынатынын айтты.
«Бұл туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында және «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында белгіленген. Шетелдіктерге бірнеше жағдайда елге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Мысалы, егер шетелдік азаматтың әрекеті конституциялық құрылымды бұзуға бағытталса, егер ол ҚР егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы болса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса елге кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар мемлекетаралық, халықаралық және діни араздықты тудырса, террористік әрекеті үшін сотталса немесе сот оны қауіпті рецидивист деп таныса ел аумағына кіруге заң бойынша тыйым салынады. Бұл негізгі басты себептер», - дейді заң кеңесшісі.
Сондықтан, Азамат Бекқұловтың сөзінше, Қазақстанда сырттай қылмыстық іс қозғауға болады. Ал Ресей тарапы сол қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарта алады. Алекс Лесли шектеуге қарамастан Алматыға келгенін айтқан болатын. Оны естіген бір топ қазақстандық оны әуежайдан күтіп алмақ болды. Заң кеңесшісі қазақстандықтардың бұл әрекеті қаншалық заңды екенін айтты.
«Леслиді «күтіп алған» азаматтар қандай да бір әрекет жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылатын еді. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабы «Өзiнше билiк ету» бойынша қаралар еді», - дейді маман.
Сонымен қатар Азамат Бекқұлов Алекс Лесли расында Алматыда болса, қандай жаза қолдануға болатынын түсіндірді.
«Көші-қон полиция мен әкімшілік сот оны Қазақстан Республикасынан заң жүзінде тыйым салу шарасын бұзғаны үшін соттап, шекарадан мәжбүрлеп шығарып жібере алады. Ол соттың шешімі бойынша тағы 5 жыл Қазақстан Республикасына кіре алмайтын еді», - дейді маман.

Апта талқысында: