Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алаш қайраткерлерінің «көзін ойып», киім тіккен кәсіпкердің әрекетіне баға берді. Бұл туралы Taulik.kz ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. |
«Мұндай киімдер жеке кәсіпкерлердің сату мақсатында жасап жатқан дүниелері болуы мүмкін. Алайда ұлт қайраткерлерін бұлай мансұқтауға болмайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алаш арыстарының көзі жасырылған киімдерді шығарып, сатудың дұрыс емес екенін мәлімдейді», - деп дазды әлеуметтік желіде ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.Шариғатта тірі жанның көзін салмай, бейнесін ғана салуға болады деген пәтуа жоқ. Мүфтият бұған қатысты пәтуа шығарған емес.
«Арыстарымызды бұлай «дәріптеуге» жол берілмеуі тиіс. Ел үшін жанын пида еткен Ахмет, Міржақып, Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек секілді қайраткерлеріміздің асыл бейнелерін қорлауға болмайды. Мұндай әрекеттер – ұлт қаймақтарына деген құрметсіздік. Қазіргі уақытта адамдардың, жануарлардың, басқа да тіршілік иелерінің суреті салынған киімдер шығып жатыр. Асыл дініміз мұндай киімдерді шығаруға қарсылық білдірмейді. Алайда тірі жанның суреті салынған киіммен намаз оқымаған абзал. Мұндай киіммен намаз оқу – мәкруһ», - дейді ол.
Taulik.kz