Мәзір
22 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Кредит алу 36 рет зина жасағанмен тең». Бұл қаншалықты рас?

«Кредит алу 36 рет зина жасағанмен тең». Бұл қаншалықты рас?

«Кредит алу 36 рет зина жасағанмен тең». Бұл қаншалықты рас? «Кредит алу 36 рет зина жасағанмен тең». Бұл қаншалықты рас?
ашық дереккөзі
«Кредит алу 36 рет зина жасағанмен тең деген сөз рас па?» деген сұраққа islam.kz сайты жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz. «Ассаляму алейкум! Ел ішінде «Кредит алу - 36 рет зина жасағанмен тең» деген сөз тарап жүр? Бұл сөз қаншалықты дұрыс? Хадис пе екен бұл? Нұрлыбек. Бисмилләһир рахманир рахим Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Хадис кітаптарында мынадай бір риуаят келтірілген, онда былай делінеді: «(Күнә екенін) біле тұра, бір дирхам өсім жеген кісінің жазасы – отыз алты зинашы әйелдің жазасынан қатты». Пайғамбарымыз (с.а.у) аталмыш хадисінде өсім жеудің қаншалық ауыр күнә екендігін ұқтыру үшін, салыстырмалы түрде отыз алты зинашы әйелдің күнәсіна теңеп отыр. Әдетте адам әлдебір істің қаншалықты ауыр екенін толық ұқпай жататындығы рас, Алла елшісі (с.а.у.) мұсылмандардың өсім жеудің күнәсін сезінулері үшін солай салыстырмалы түрде білдірген. Ендеше, зина жасау – ауыр күнә болса, өсім жеу - одан да ауыр екен. Бір ғана дирхам өсімнің ауырлығы – отыз алты рет зина жасағандағы күнәмен тең деп отыр Алла елшісі (с.а.у.). «Кредит алған адам осы хадис аясына кіре ме? Оған да 36 рет зина жасағанның күнәсі жазыла ма? Кредит алу да күнә болып саналатындығы сөзсіз (мәжбүр жағдайға тап болып, кредит алуға мәжбүр болғандар басқа). Себебі, кредит алу – өсімге қарыз алу деген сөз. Бұл Исламда ауыр күнә. Өйткені Алла елшісі (с.а.у.): «Алла Тағала өсімді жеушіні де, өсім жегізушіні де лағынеттеді» - деген. Кредит алушы кісі өсім жегізіп отырғандықтан, оған да өз алдына күнә жазылатыны анық. Алайда хадистегі «отыз алты зинашы әйелдің жазасымен тең» деген сөз, өсім жеушіге арнайы айтылған дүние деген ойдамыз. Өйткені хадисте «өсім жеуші» делініп тұр. Сол себепті, мәжбүр болмаса да кредитке ақша алған кісі харам іс істеген болып, белгілі дәрежеде күнәһар саналғанымен, оған хадистегі «отыз алты рет зина жасағанның күнәсі» жазылмайды деген ойдамыз. Аллаһу аъләм. Себебі хадисте кредит алушы айтылмаған. Ондай күнә процентке қарыз бергендерге және кредитке ақша бергендерге болады. Бірақ бұл сөзімізден, кредит ала берсе болады екен, күнә емес екен деп түсініп қалмауымыз керек. Себебі, дінімізде өсімге қарыз беру қаншалықты күнә болса, өсімге қарыз алу да соншалықты күнә, тек өте зәру, шарасыз жағдайда ғана, басқа алатын жер болмағандықтан алуға рұқсат. Құранда: «...Бірақ егер шарасыз болсаңдар ол басқа...» делінген. (2). Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым

Апта талқысында: