logo
search
menu

Ақтөбеде жоғалып кеткен қойшы аман табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен қойшы аман табылды
23 қараша, 2022
Ақтөбеде жоғалып кеткен қойшы аман табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбеде құтқарушылар мал іздеуге шығып, қайта оралмаған 52 жастағы ер адамды тапты деп хабарлады Taulik.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    «2022 жылғы 21 қараша күні 18 сағат 50 минутта Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округінде 52 жастағы ер адамның мал іздеуге шығып қайта оралмағаны бойынша ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бірден шығып жоғалған азаматты іздеуге кірісті. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 21 сағат 00 минутта адасқан азамат Сорқұдық подхозынан 3 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды. Зардап шеккен жоқ, сол себепті медициналық көмекті қажет етпеді», – делінген хабарламада.
    Бұдан басқа құтқарушылар 1967 жылы туған тағы бір адамды іздестіріп жатыр. Ол 21 қазанда балық аулау кезінде жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы