Шахтадағы жұмысшылардың қазасына 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы комиссия заң бұзушылыққа жол берген 26 адамды анықтағанын айтты. Олардың қатарында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Бижу Наир мен Көмір департаментінің директоры Гельсон Батиста бар.
Арнайы тергеу материалдары полицияға тапсырылады. Соңғы процессуалдық шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қабылданады, деп баса айтты министр.
Taulik.kz