logo
search
menu

Полиция 10 жыл құлдықта болған ер адамды тапты (ВИДЕО)

Полиция 10 жыл құлдықта болған ер адамды тапты (ВИДЕО)
24 қараша, 2022
Полиция 10 жыл құлдықта болған ер адамды тапты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желілерде көп жыл еңбек құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамды іздеп тапты, деп хабарлайды Taulik.kz. 22 қарашада әлеуметтік желіде 10 жыл Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамның видеосы тарады. Полицейлер видеоның авторы Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ер адам өзінің және отбасы мүшелерінің құжаттарын жұмыс беруші заңсыз иемденгенін айтады.
    «Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында, өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексеріліп жатыр», – деді облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
    Полицейлердің айтуынша, ер адам мен қызына көмек көрсетілген. Тергеу барысында олар Талдықорған өңірлік «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген.
     
    Посмотреть эту публикацию в Instagram
     

    Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы