«Осы оғиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.Оқиға орнынан видеоны Нұрадин Рақай есімді Facebook қолданушысы бөлісті. Еске салайық, бүгін, 23 қарашада «Қазфосфат» қызметкерлері наразылыққа шыққан болатын. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшылығы жұмысшыларды балағаттаған.
Taulik.kz