«Соловьев бір кездері «Россия 1» телеарнасында Алматыны бомбалауды да ұсынды. Одан бағдарлама қонағы Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленді. Осылай барлығына «улы сілекейін» шашады», — деді Құл-Мұхаммед.Сонымен қатар ол ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің мәлімдемесі туралы да айтты.
«Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін» деген ойы Қазақстанға қауіп төндіреді. Егер бұл мәселе Ресейдің мемлекеттік арнасында көрсетілмесе, назар аудармайтын да едік. Ресейлік саясаткерлердің мұндай екпінді шабуылдары Соловьевтің шоуында жиі айтылатындықтан, Ресейдің Федералды билігі тарапынан нақты жауап алыну керек», — деді ол.