Мәзір
24 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкімнің ісі тексеріліп жатыр

БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкімнің ісі тексеріліп жатыр

БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкімнің ісі тексеріліп жатыр БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкімнің ісі тексеріліп жатыр
ашық дереккөзі
Желіде Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың жиналыста қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан видеосы тараған болатын. Шенеунікке қатысты тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«БАҚ-та мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов төрағалық еткен мәжілістің аудиожазбасы анықталды. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілікке, қадір-қасиетін кемсітуге, әдепсіз және бейәдеп мінез-құлыққа жол бермеуге тиіс», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Апта талқысында: