logo
search
menu

Үш ай жалақы жоқ: Атырауда медбикелер митингке шықты

Үш ай жалақы жоқ: Атырауда медбикелер митингке шықты
24 қараша, 2022
Үш ай жалақы жоқ: Атырауда медбикелер митингке шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырауда жұқпалы аурулар ауруханасының 40-қа жуық санитары үш айдан бері төлем ала алмай жүр. Осы себепті олар аурухана ғимаратының алдына жиналды, - деп хабарлайды  "Ақ Жайық" басылымы. Жұмысшылардың айтуынша, соңғы үш айда оларға сақтандыру және "зейнетақы" аударылмаған, соның кесірінен олардың көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмай қалған.
    "Менің бір қызым бар - 1 топтағы мүгедек. "Отбасы банкте" баспана кезегінде тұрмын. Жақында "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша конкурс болып, зейнетақы жарналары түспегендіктен өтпей қалдым. Ал біздің жалақымыз небәрі 100 мың", – дейді №2 облыстық аурухана қызметкері Айжан Сағындықова.
     />

Аурухана басшылығы төлемдердің кешігуі болғанын мойындап отыр. Өйткені мекеменің белгілі бір компанияға 90 миллион теңге қарызы бар.
<blockquote> Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Әбдалиев арнайы комиссия құрылып, есеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Надя Ерғалиева бұл мәселе жыл аяғына дейін шешіледі деп уәде берді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы